Жаңа жүйе енгізілуде

Жаңа жүйе енгізілуде

16.07.2010
Бастау: Казахстан теміржолшысы


«Локомотив» акционерлік қоғамында есептілікті басқару жүйесі енгізіліп, ол сенімді басқарушы және қаржылық есептілікті уақытылы дайындауға бағытталып отыр.
Кәсіпорынға басқару есебі жүйесін енгізудегі басты мақсат – Компания басшылығы мен оның акционерлерін жұмыс тиімділігіне және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті толық ақпаратпен қамтамасыз ету.
Осы жылдың соңына дейін Компанияда жекелеген есептілікті дайындау және есеп жүргізу үдерістерін ішкі бақылау жүйесін енгізу және дамыту жоспарланып отыр. Сонымен қатар бір уақытта қаржылық және басқару есебін дайындайтын және топтасу үдерісіне ішкі бақылау жүргізетін жүйе қолданысқа енгізілмек. «Локомотив» АҚ бас бухгалтері Еркінбек Керімбековтің айтуынша, бұл шараның мақсаты – есептілікті дайындау, талдау, топтасу, бюджетке енгізу үдерістерін автоматтандыру және оңтайландыру екен.
Есептілікті басқару жүйесі – корпоративті басқару жүйесінің негізі болып табылады. Оның өндіріске енгізілуі бірінші кезекте корпоративтік басқару деңгейін арттырып, халықаралық капитал нарығына шығуға және тиімді басқаруға ықпал етпек. Бұл жұмыстар «Самұрық – Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ-ның аталған қорда және оған кіретін компанияларда есептілікті басқару жүйесін жетілдіру бойынша берілген тапсырма шеңберінде жүзеге асырылуда.


Назад в раздел
Полезные советы
 Компания туралы
 «Локомотив» АҚ-филиалдары
 Медиа-орталық
 Сатып алулар
 Тәуекелдерді басқару
 Кадрлық саясат
 Құқықтық ақпарат
 Қаржылық есеп
 ҚР теміржолшылар кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің "Локомотив" филиалы
 Пайдалы ақылдар
 Пайдалы сілтемелер
 Сауалдамалар
 Форум
 Ішкі сайтқа кіру

Новости

Опрос