"Локомотив" акционерлік қоғамының жарғысы

"Локомотив" акционерлік қоғамының жарғысы

«Қазақстан Темір Жолы»

ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының

(2011 жылғы27шілде

02/27 хаттамасы)

бекітілген

«Локомотив»

акционерлік қоғамының

Жарғысы

(2012 жылғы 27 қантардағы "Қазақстан темір жолы "Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Басқармасының шешімімен енгізілген өзгертулерімен)

1-бап

Қоғамның заңды мәртебесі

1. Қазақстан Республикасының заңнамасы «Акционерлер қоғамы туралы » және жабық акционерлер қоғамының «Қазақстан темір жолы»Ұлттық компаниясы» Директорлар кеңесінің шешімімен ( №-9 2003жылы 5 қыркүйектегі хаттама ) және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлер қоғамының №-712Ц 2003 жылғы 9 қазандағы бұйрығына сәйкес « Локомотив » акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қоғам» ) құрылған.

2. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, «Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілеріне, осы Жарғыға, Қоғамның корпоративтік басқару Кодексіне және Қоғамның тағы басқа құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

3. Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады.

4. Қоғамның дербес теңгерімі, банктік, соның ішінде валюталық шоттары, толық фирмалық атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі, тауар белгісі және үлгілері белгіленген тәртіппен бекітілетін және тіркелетін символикасы болуы мүмкін, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде мөртабандары, фирмалық бланктері және басқа да деректемелері бар.

2-бап

Қоғамның атауы, орналасқан жері және қызмет ету мерзімі

5.Қоғамның атауы:

1) мемлекеттік тілде:

толық атауы – «Локомотив» акционерлік қоғамы;

қысқаша атауы - «Локомотив» АҚ;

2) орыс тілінде:

толық атауы – Акционерное общество «Локомотив»;

қысқаша атауы – АО « Локомотив»;

3) ағылшын тілінде:

толық атауы -Joint Stock Company «Lokomotiv»

қысқаша атауы – JSC «Lokomotiv»

6. Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 6.

7. Қоғамның қызмет ету мерзімі – шектелмеген.

3-бап

Қоғамның құрылтай құжаттары

8. Жарғы Қоғамның құрылтай құжаты (будан әрі - Жарғы) болып табылады.

9. Барлық мүдделі тұлғалар Жарғымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танысуға құқылы.

4-бап

Жалғыз акционер

10. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қоғамның жалғыз акционері (бұдан әрі – Жалғыз акционер) болып табылады, (мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2004 жылғы 2 сәуірдегі № 11867-1901-АО куәлігі).

5-бап

Қоғам қызметінің мақсаттары мен түрлері

11. Қоғам қызметінің негізгі мақсаты :

1)маневрлық қозғалыс және магистралдағы тартым қозғалыс құрамын тасымалдау қызметінің сұранысын қанағатандыру.

2) теміржол магистрал тораптық операторларының сұранысын маневрлық қозғалыстағы тартым қозғалыс құрамының қызметімен

қанағатандыру.

3)поезд қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

4) локомотивтерге қарайтын телімдерді оңтайландыру.

5)Локомотивтерді күтіп ұстау және энергетикалық-жанар-жағармай қорларына кететін ағымдағы операциялық шығындарды төмендету жолын оңтайландыру.

6)Локомотив паркін басқару үшін толығымен автоматандыру және ақпаратандыру жүйесіне көшу.

7)локомотив тартымына қызмет көрсету үшін мамандар даярлау.

8)материалдық-техникалық базасын комплекстік дамыту және жоспарланған.

9) техникалық құралдарды және құрылғылардың дұрыс жағдайда күтіп ұстау.

10)тартым қозғалыс құрамының даярлығын қамтамасыз ету қызметтік мәліметтер мен құпияларды жария етуден сақтану шарасын жүргізу.

11)табыстарды шығару.

12.Қоғамға қойылған мақсатын іске асыру үшін келесі қызмет түрлерімен орындалсын:

1) тартым қозғалыс құрамы қызметін ұсыну.

2) маневрлық жұмыс кезінде және поезд қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

3) локомотив паркіндегі қолданылатын жоспарлы көрсеткіштерді және локомотив бригадасының үздіксіз жұмыс жасау уақытын мөлшерінің орындалуын есебін ұйымдастыру.

4) локомотивтерді күтіп ұстаудың барлық түрлі қордағы және резервтегі локомотивтердің техникалық дұрыс жағдайы.

5) локомотивтердің техникалық жұмысын ұйымдастыру.

6) тартым қозғалыс құрамының жаңа түрлерін енгізудің шараларын орындауды ұйымдастыру, ғылыми және техникалық жетістіктер негізімен өңделеген құрылғыларды пайдалану және жөндеу.

7) түгендеу есебін электрондық құжат негізімен жүргізу, локомотив паркін басқаруға авоматандырған жүйені ендіру.

8) 2012 жылғы 27 қантардағы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Басқармасының шешімімен алынып тасталған (ескі редак. қараңыз).

10) 2012 жылғы 27 қантардағы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Басқармасының шешімімен алынып тасталған (ескі редак. қараңыз).

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де қызметтерге тыйым салынбаған.

13. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша алынуы қажет біліктілік аттестат (куәлiк), лицензия немесе басқа түрдегі рұқсатты талап ететін қызмет түрлері тиісті біліктілік аттестат (куәлiк), лицензиялар немесе басқа түрдегі рұқсаттар алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

6-бап

Қоғамның құқықтары мен міндеттері

14. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық құқықтарды иеленеді және міндеттерді атқарады.

15. Қоғам оның Жалғыз акционерінің мүлкінен оқшауланған мүлікке иелік етеді және Жалғыз акционерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өзінің міндеттемелері бойынша өз мүлкінің шегінде жауапты болады.

16. Қоғам мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет те Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

17. Қоғам өз атынан мәмілелер жасай алады, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелер ала алады, сотта талапкер және жауап беруші бола алады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыра алады.

18. Қоғам қорғалатын құжаттарды, технологияларды, «ноу-хау» жєне басқа ақпараттарды иелену және пайдалану құқығын ала және бере алады.

19. Қоғам бағалы қағаздарды шығара және оларды тарата алады, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздарды сатып ала алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзінің қаржылық қатерлерін туынды қаржылық құралдар арқылы сақтандыра алады.

20. Қоғам Қазақстан Республикасында және шетелде өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құра алады, оларға мүлік бере алады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызмет тәртібін белгілей алады. Филиалдар мен өкілдіктердің мүлкі Қоғамның теңгерімінде есепке алынады.

21. Қоғам филиалдардың және өкілдіктердің Қоғам тағайындайтын лауазымдар номенклатурасын, сондай-ақ жылдық еңбекақы қорының көлемін бекітеді.Филиалдың басшысы және өкілдіктің басшысы Қоғам берген сенімхаттар негізінде әрекет етеді.

22. Қоғам өндірістік қызметті жоспарлауға, қызметкерлердің еңбегіне төлем жасауға, материалдық-техникалық жабдықтауға, Қоғамды әлеуметтік дамытуға, кадрларды іріктеуге, орналастыруға, даярлауға және біліктілігін арттыруга байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді және ұйымдастыстырады.

23. Қоғам белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде орналасқан банктер мен басқа қаржылық мекемелерде ұлттық жєне шетелдік валютада шоттар ашады.

24. Қоғамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілгер болуға, Қазақстандық, шетелдік заңды және жеке тұлғалардан теңгемен де, шетелдік валютамен де қарыздар алуға және кредиттер пайдалануға құқығы бар.

25. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген стандарттарға сәйкес Қоғамның барлық бөлімшелерінің орындауы міндетті нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлейді жєне бекітеді.

26. Қоғам қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие Қоғам қызметкерлері тізімінің міндетті түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді.

27. Қоғам өз қызметінің барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалар мен тарифтердің мемлекеттік тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.

28. Қоғам белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға қаржылық, салықтық және статистикалық есептерді тапсырады.

29. Қоғам қоршаған ортаны Қоғамның қызметі салдарынан пайда болатын ластанудан және басқа да зиянды әсерлерден қорғауға жауапты болады.

30. Қоғам материалдардың, отынның, жағар майдың, электр энергиясының және қосалқы бөлшектердің шығыс нормаларын әзірлейді, олардың сақталуына бақылау жасайды.

31. Қоғам еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

32. Қоғам «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Президенті, Вице-президенттері және басқарушы директорларының бұйрықтарымен және өкімдерімен рәсімделген кадр, қаржы және экономика сұрақтары, қозғалыс қауiпсiздiгi сұрақтары, қысқы және көктемдегі мерзiмдердегі жұмысқа әзiрлiк, азаматтық қорғаныс, қауiпсiздiк және еңбектi қорғау сұрақтары, мобилизациялық әзiрлеу, бақылау және тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) сатып алуларын барлау мәселелері бойынша тапсырмаларын орындауға міндетті.

33. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жарғысымен көзделген басқа да құқықтарды иеленуі және басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.

7-бап

Акционерлердің құқықтары мен міндеттері

34.Жалғыз акционер Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.

35. Қоғамның Жалғыз акционері құқылы:

1) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Жарғысында көзделген тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысуға;

2) дивидендтер алуға;

3) қоғамның сауалды алған уақытынан отыз күннен кешіктірмей, егер сауалда өзге мерзімдер белгіленбеген болса, Қоғамның, соның ішінде аффилиирленген ұйымдардың қызметі туралы, құпия сипаттағы ақпаратты қоса алғанда, ақпарат алуға, сондай-ақ Қоғамның Жалғыз акционерімен немесе Жарғымен белгіленген тєртіпте Қоғамның қаржылық есебімен танысуға;

4) қоғамның тіркеушісінен немесе номиналды ұстаушыдан Қоғамның бағалы қағаздарына оның меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға;

5) қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот арқылы даулауға;

6) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жинақтап алғанда иеленген кезде, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 63 және 74-баптарында көзделген жағдайларда, сот органдарына Қоғамның лауазымды адамдарының Қоғамға келтірілген залалдарды Қоғамға өтеуі және Қоғамның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың аффилиирленген тұлғаларының ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу (жасасуға ұсыныс) туралы шешім қабылдау нәтижесінде алған пайданы (табысты) Қоғамға қайтаруы туралы талаппен жүгінуге;

7) қоғамға оның қызметi туралы жазбаша сұрау салуға және Қоғамға сұрау салу келiп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде дәлелдi жауаптар алуға;

8) қоғам таратылған кезде мүлiктiң бiр бөлiгiне;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен белгiленген тәртiппен өз акцияларына айырбасталатын Қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға құқылы.

10) директорлар кеңесіне Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына сәйкес Жалғыз акционердің қарауы үшін қосымша мәселелердің енгізілуін ұсынуға;

11) қоғамның Директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;

12) өз есебінен Қоғамның аудитін өткізуді талап етуге құқылы;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өз құқықтарының бұзылғаны үшін өтемақы алуға;

36. Қоғамның Жалғыз акционері міндетті:

1) акцияларды төлеуге;

2) 10 (он) күннің ішінде Қоғамның тіркеушісіне немесе Жалғыз акционерге тиесілі акцияларды номиналды ұстаушыға Қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуі үшін қажетті мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға;

3) Қоғам туралы немесе оның қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпиясын құрайтын қызметі туралы мәліметтерді жария етпеуге;

4) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

37. Қоғам және Қоғамның тіркеушісі Жалғыз акционердің Жарғының осы бабының 36-тармағының 2) тармақшасымен белгіленген міндеттерді орындамауының салдарлары үшін жауапкершілік тартпайды.

8-бап

Қоғам акциялары және басқа да бағалы қағаздары

38.Қоғам қарапайым акцияларды құжатсыз нысанда шығарады.

39. Қоғам шығарылуы, орналастырылуы, айналымы және өтеу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасымен белгіленетін басқа да, соның ішінде айырбасталатын, бағалы қағаздар шығаруға құқылы.

40. Қарапайым акция Жалғыз акционерге Жалғыз акционердің қарауына енгізілетін шешімдерді қабылдауға, Жалғыз акционердің тиісті шешімдерінің негізінде Қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер алуѓа, сондай-ақ Қоғамды таратқан кезде оның мүлкінің бір бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тєртіппен алуға құқық береді.

41. Жарияланған акцияларды немесе Қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған аталған бағалы қағаздарды сату ниеті болғанда, Қоғам осы туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) күн ішінде Жалғыз акционерге жазбаша хабарлама жіберу немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы бағалы қағаздарды орналастыру (өткізу) туралы шешім қабылдаған Қоғамның органы белгілеген бағалы қағаздарды орналастыру (өткізу) бағасы бойынша бағалы қағаздарды сатып алуды ұсынуға міндетті.

42. Жалғыз акционердің бағалы қағаздарды басымдылықпен сатып алу құқығын іске асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

43. Қоғамның жарияланған акцияларының мөлшерін арттыру немесе Қоғамның орналастырылмаған әрі жарияланбаған акцияларының түрін өзгерту, сонымен бiрге Қоғамның акцияларын оның жарияланған акцияларының мөлшері шегінде орналастыруы Жалғыз акционердің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

44. Қоғам өз акцияларын олардың шығарылымы мемлекеттік тіркеуден өткен соң орналастыруға құқылы.

45. Қоғамның орналастыратын акцияларына ақы төлеуге ақша, мүліктік құқықтар (соның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңыңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлардан басқа, өзге де мүлік енгізілуі мүмкін.

Ақшадан басқа, өзге мүлікпен ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жұмыс істейтін бағалаушы белгілейтін баға бойынша жүзеге асырылады.

Егер Қоғамның орналастыратын акцияларын төлеуге мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай құқықты бағалау Қоғам оны пайдаланатын бүкіл мерзім бойына осы мүлікті пайдаланғаны үшін төлем мөлшеріне қарай жүргізіледі. Қоғамның Жалғыз акционерінің келісімінсіз мұндай мүлікті көрсетілген мерзім аяқталғанша алуға тыйым салынады.

46. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу Қоғам тек қана тіркеушісімен жүзеге асырылады, ол Қоғамның және оның аффилиирленген тұлғаларының аффилиирленген тұлғасы болмауы тиіс.

47. Өзінің жарияланған акцияларын бастапқы бағалы қағаздар рыногына орналастыруы кезінде оларды Қоғамның сатып алуына жол берілмейді.

48. Орналастыратын акцияны толық төлемейінше Қоғам сол акцияларды Қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде оны алушының шотына есепке жатқызу туралы бұйрық беруге құқылы емес.

49. Қоғамның бастамасы бойынша акцияларды кейіннен сату мақсатында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның Жарғысына қайшы келмейтін өзге де мақсаттарда орналастырылған акцияларды сатып алу Жалғыз акционердің келісімі бойынша Қоғамның акцияларды сатып алуы кезінде олардың құнын айқындаудың Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен белгіленген тәртіппен бекітілген әдістемесіне сәйкес жүргізілуі мүмкін.

50. Қоғам өзінің орналастырған акцияларын мына жағдайларда:

1) акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті бекіткенге дейін;

2) егер акцияларды сатып алудың нәтижесінде Қоғамның меншікті капиталының мөлшері Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен белгіленген ең аз жарғылық капиталдың мөлшерінен аз болатын болса;

3) егер акцияларды сатып алу сәтінде Қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем жасауға қабілетсіз немесе дәрменсіз белгілеріне сәйкес келсе не болмаса аталған белгілер талап етіліп отырған барлық акцияларды немесе сатып алуға болжанып отырған акцияларды сатып алудың нәтижесінде пайда болатын болса;

4) егер сотпен немесе Қоғамның Жалғыз акционерімен оны тарату туралы шешім қабылданса, сатып алуға құқығы жоқ.

51. Егер Қоғамның бастамасы бойынша сатып алынатын оның орналастырған акцияларының саны акцияларды сатып алу-сату мәмілесін (мәмілелерін) жасасуға дейін олардың жалпы санының бір пайызынан асатын болса, ол мұндай сатып алу туралы Жалғыз акционерге хабарлауға міндетті.

Қоғамның өзінің орналастырған акцияларын сатып алуы туралы хабарландыруы ол сатып алатын акциялардың түрі, саны, бағасы, мерзімі және оларды сатып алудың шарттары туралы мәліметтерден тұруы тиіс және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

52. Жалғыз акционердің талабы бойынша орналастырылған акцияларды сатып алу Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен көзделген жағдайларда жүргізіледі.

53. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздары Қоғамның жарияланған және орналастырылған акциялары арасындағы айырмашылық шегінде шығарылуға жол беріледі. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарты мен тәртібі айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару проспектісінде көрсетіледі.

Қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығарудың шартын Қоғамның Директорлар кеңесі белгілейді.

54. Қоғам Қоғамның бағалы қағаздарын кепілдікке беруге құқылы. Жалыз акционер өзі кепілдікке берген акциялар бойынша, егер кепілдің шарттары бойынша өзге көзделмесе, дивидендтер алуға да дауыс беру құқығын иеленеді.

55. Қоғам өзі орналастырған бағалы қағаздарды мына жағдайларда ғана, егер:

1) кепілдікке берілетін бағалы қағаздар толық төленген болса;

2) Қоғамның сатып алған акцияларын қоспағанда, Қоғамға кепілдікке берілетін және онда кепілдіктегі акциялардың жалпы саны Қоғамның орналастырылған акцияларының 25 (жиырма бес) пайыздан астамын құрамаса;

3) кепіл туралы шартты Директорлар кеңесі мақұлдаса кепілдікке қабылдай алады.

56.Егер кепілдіктің шарттарымен өзге белгіленбесе, Қоғам орналастырған және онда кепілдіктегі акциялар бойынша дауыс құқығы Жалғыз акционерге тиісті болады. Қоғам өзінде кепілде тұрған өз акцияларымен дауыс беруге құқығы жоқ.

57. Қоғамның бағалы қағаздарының кепілін тіркеудің тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

58. Жалғыз акционердің оған тиесілі акциялары бойынша Қоғам төлейтін табысы дивиденд болып табылады.

Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер Қоғамның Жалғыз акционерімен дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған жағдайда, ақшалай немесе бағалы қағаздармен төленеді.

59. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу жылдық, тоқсандық немесе жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Жалғыз акционердің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

60. Қоғамның Жалғыз акционері қандай да бір кезеңдегі Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

61. Жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімде мынадай ақпарат болуы тиіс:

1) Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және өзге деректемелері;

2) дивидендтер төленетін кезең;

3) бір жай акция есебіне дивидендтің мөлшері;

4) дивидендтерді төлеу басталатын дата;

5) дивидендтерді төлеудің тәртібі мен нысаны.

62. Орналастырылмаған немесе Қоғамның өзі сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ егер сот немесе Жалғыз акціонер Қоғамды тарату туралы шешім қабылдаса, дивидендтер есептелмейді және төленбейді.

63. Дивидендтер есептеуге:

1) Қоғамның меншікті капиталының мөлшері теріс болған кезде немесе оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде меншікті капиталының мөлшері теріс болатын болса;

2) егер Қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем жасауға қабілетсіз немесе дәрменсіз белгілеріне жауап берсе немесе аталған белгілер Қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде пайда болса, дивидендтер төлеуге жол берілмейді.

64. Жалғыз акционер алынбаған дивидендтерді Қоғамның берешегінің пайда болуының мерзіміне қарамастан төленуін талап етуге құқылы.

Дивидендтерді төлеу үшін белгіленген мерзімде дивидендтер төленбеген жағдайда, Жалғыз акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақшалай міндеттемені немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне қарағандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін негізге ала отырып, есептелетін өсім төленеді.

9–бап

Қоғамның органдары

65. Мыналар Қоғамның органдары болып табылады:

1) жоғарғы орган

-

Жалғыз акционер;

2) басқару органы

-

Директорлар кеңесі;

3) атқарушы органы

-

Президент;

66. Қоғамда Ішкі аудит қызметі, сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.

10-бап

Жалғыз акционерлердің айрықша құзыреті

67. Қоғамда акционерлердің жалпы жиналыстары өткізілмейді.

Қазақстан Республикасы заңнамасымен Жарғысына қатысты мәселелер бойынша шешім акционерлердің жалпы жиналыс құзыретіне Жалғыз акционермен жеке-дара қабылданады және жазбаша түрде ресімдеуге жатады.

8. Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне келесі мәселелер жатады:

1) Жарғыға өзгерті мен толықтыру енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту;

2) корпоративтік басқару кодексін бекіту, сонымен қатар оған өзгерту мен толықтыру енгізу;

3) Қоғамды өз еркімен қайта құру немесе тарату;

4) Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін анықтау, сонымен қатар оларды өзгерту;

5) Қоғамның хабарланған акцияларының санын көбейту жөніндегі шешім қабылдау немесе Қоғамның хабарланып орналастырылмаған акцияларының түрін өзгерту;

6) Қоғамның хабарланған акциялар саны шегінде, акцияларды орналастыру (сату) туралы, сонымен қатар акциялардың орналасатын (сатылатын) саны туралы, оларды орналастыру (сату) әдісімен бағасы туралы шешім қабылдау;

7) директорлар Кеңесінің сан құрамын анықтау өклеттілік мерзімі, оның төрағасы мен мүшелерін сайлау және олардың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, сонымен қатар директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу шарттары мен мөлшерін анықтау;

8) Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау;

9) Қоғамның жылдық есебін бекіту;

10) Жылдық қаржылық есепті бекіту;

11) қаржылық есептілік жыл ішінде Қоғамның таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидент төлеу туралы шешім қабылдау және Қоғамның жай бір акциясымен есептегенде дивидент мөлшерін бекіту;

12) «Акционерлік қоғам жөніндегі» Қазақстан Республикасы Заңының 22 бабының 5 тармағында көзделген жағдайда, Қоғамның акциялары бойынша дивидент төлемеу туралы шешім қабылдау;

13) Қоғамның акцияларын өз еркімен делистинг (бөлу) туралы шешім қабылдау;

14) Қоғамға тиесілі барлық активтерінің 25 (жиырма бес) және одан да көп пайыз сомасын құрайтын Қоғам активтерінің бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы құру немесе басқа заңды тұлғалар қызметін құруда Қоғамның қатысуы жөніндегі шешім қабылдау;

15) Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғам жөніндегі» Заңына сәйкес Қоғаммен сатып алған жағдайда, акция құнын анықтау (егер ол жалғыз құрылтайшымен бекітілмеген болса, әдістеме бекіту) әдістемеге өзгерту енгізуді бекіту;

16) Жалғыз акционерге Қоғамның қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін бекіту, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарын анықтау;

17) директорлар Кеңесі туралы Ережені бекіту;

18) дивиденттік саясат бекіту;

19) «алтын акция» енгізу мен жою;

20) әкімшілік аппаратын орналастыру үшін қызметтік жеңіл автокөлігі мен алаңдар нормасы тиесілі нормативін анықтау;

21) қызметтік іссапарға жіберілетін Қоғамның қызметкерлеріне шығынды өтеу шарттары мен тәртібін анықтау;

22) Қоғамның қаражаты есебінен қызметкерлерге мобильдік байланысты, өкілдік шығындар лимитін пайдалану құқығын ұсыну кезінде шығындарды өтеу лимитін анықтау;

23) басқа мәселелер, Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар жөніндегі» Заңына және Жарғымен Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне қатысты шешім қабылдау;

69. Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар жөніндегі» Заңында және Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделмеген болса, Қоғамның лауазымдық тұлға мен қызметкерлері мәселелерді жіберуге жол берілмейді, Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне қатысты шешім қабылдау.

70.Жалғыз акционер Қоғамның ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қоғамның басқа органдарының шешімінің күшін жоюға құқығы бар.

11-бап

Директорлар кеңесі

71. Директорлар кеңесі Заңмен және Қоғам Жарғысымен Қоғамның Жалғыз акционерінің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуден басқа, Қоғамның қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады.

72. Егер өзгедей Заңмен белгіленбесе, Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер жатады:

1) қоғамның даму стратегиясын бекіту;

2) қоғамның даму (орташа –жоспар) жоспарын, Қоғамның бюджетін (1 жылға бизнес-жоспарын) бекіту;

3) орналастырылған акцияларды немесе басқа бағалы қағаздарды Қоғамның сатып алуы және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау;

4) басқарма мүшелерінің өкілеттегі уақыт мерзімі және құрам санын анықтау, сонымен қатар қатар өкілеттік мерзімінен бұрын тоқтату және сайлау(Басқарма төрағасының шығарумен);

5) қоғамның Президентінің лауазымдық жалақысының мөлшерін және еңбекке ақы төлеу мен сыйлықаќы беру шарттарын белгілеу;

6) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттіктерінің мерзімін, оның басшысын және мүшелерін тағайындау, олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, Ішкі аудит қызметінің жұмыс істеу тәртібін, Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының мөлшерін және еңбекке ақы төлеу мен сыйлықаќы беру шарттарын белгілеу;

7) ішкі аудит қызметінің жылдық аудиторлық жоспарын бекіту;

8) ішкі аудит қызметінің тоқсандық және жылдық есептерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;

9) басқа заңды тұлғалар акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан жоғары пайызын Қоғамның сатып алуы туралы шешім қабылдау;

10) корпоративтік хатшыны тағайындау, өкілеттіктері мерзімін белгілеу, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысының мөлшерін және сыйақы беру шарттарын белгілеу;

11) қоғамның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды (Қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында, Басқарма қабылдайтын құжаттардан өзге), оның ішінде Қоғамның құнды қағаздарының аукциондарын және жазылуларын жүргізу шарттары мен тәртібін белгілейтін ішкі құжатты бекіту;

12) қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің Қоғам қызметі туралы ақпаратты, соның ішінде қаржылық ақпаратты алуының тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;

13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ірі мәмілелерді және олардың жасалуына Қоғам мүдделі мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдау;

14) қоғамның есепке алу саясатын бекіту;

15) қоғам Басқармасының мүшелері үшін қызметтің негізгі көрсеткіштерін және олардың мақсаттық мәндерін бекіту (Директорлар Кеңесінің Сыйақылар жөніндегі комитетінің ұсынымдары бойынша);

16)Директорлар кеңесінің комитеттерін құру, олар туралы ережелерді бекіту, сондай-ақ комитеттердің мүшелерін сайлау;

17)Қоғам Басқармасы мүшелерінің басқа ұйымдарда жұмыс істеу мүмкіндігіне қатысты келісім беру туралы шешім қабылдау;

18) қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттарын белгілеу;

19) қоғамның жылдық қаржылық есебін алдын ала бекіту;

20) қоғамның жылдық есебін алдын ала бекіту;

21) сонымен қатар Қоғам акциясына берілген төлемдер немесе Ірі мәмілеме болып саналатын мүлік құны базар бағасымен бағалау және аудиторлық ұйым қызмет ақысы мөлшерін анықтау;

22) қоғамның өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олар туралы ережелерді бекіту;

23) Қоғамның бұрынғы тіркеушісімен жасалған шарт бұзылған жағдайда Қоғамның тіркеушісін таңдау;

24) Қоғам тиесілі барлық активіне соммасы 25(жиырма бес ) көбірек құрайтын активтердің бірнеше бөлігін немесе бір бөлігі басқа заңды тұлғалар акциялары Қоғамды құру немесе қызметін қатысу туралы шешімі қабылдау;

25) басқа заңды тұлғалар акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан жоғары пайызын Қоғамның сатып алу туралы шешім қабылдау;

26) Қоғамның орталық аппараты қызметкерлерінің жалпы санын және құрылымын бекіту;

27) тәуекелдіктерді басқару жөніндегі Қоғамның ішкі рәсімдерін бекіту (Қоғамның ішкі құжаттарымен Қоғамның басқа органдарының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда);

28) Тәуекелдіктерді басқару саясатын бекіту;

29) мәселелерді Қоғамның Жалғыз акционерінің қарауына шығару;

30) Қоғам міндеттерін мөлшерінің артуы,өзінің жеке капиталы 10 (он) және одан көбірек пайыз мөлшерін құрайды;

31) Қоғам туралы немесе қызметі жайлы,заңмен қорғалатын коммерциялық және қызметтік құпиялардың ақпараттарын анықтау;

32) Қоғам қызметкерлері басқару және акімшілік лауазымдық айлығының схемасы және Еңбекақы туралы ережені бекіту;

33) Заңмен және Жарғымен көзделген, Қоғамның Жалғыз акционерінің айрықша құзыретіне жатпайтын өзге сұрақтар.

73. Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелер Басқармаға шешу үшін берілуі мүмкін емес.

74. Директорлар кеңесінің Басқарманың құзыретіне Жарғымен жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға, сондай-ақ Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімдеріне қайшы келетін шешімдер қабылдауға құқығы жоқ.

76. Анағұрлым маңызды сұрақтарды қарау және Директорлар кеңесіне ұсынымдарды дайындау үшін Қоғамда Директорлар кеңесінің мынадай комитетері құрылуы мүмкін:

1) Ішкі аудит бойынша;

2) Мамандарға сыйақылар бойынша;

3) Қоғамдағы қаралған ішкі құжаттарды қарауымен өзге мәселелер бойынша.

Барлық Комитеттердің қызметі Директорлар кеңесімен бекітілетін Комитеттің құрамы, құзыреті, Комитет мүшелерін сайлау тәртібі, Комитеттер жұмысының тәртібі, сондай-ақ Комитет мүшелерінің құқықтары мен міндеттері туралы туралы ережеден тұратын ішкі құжаттармен реттеледі.

77. Жеке тұлға ғана Директорлар кеңесінің мүшесі бола алады.

78. Қоғам Президенті, Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлана алмайды.

79. Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың және Директорлар кеңесі мүшесінің Жалғыз акционердің және Қоғамның мүдделері үшін міндеттерді орындау және бүкіл Директорлар кеңесінің тиімді жұмысын ұйымдастыру үшін қажет тиісті жұмыс тәжірибесі, білімі, біліктілігі, іскерлік және салалық ортада оң жетістіктері мен мүлтіксіз репутациясы болуы қажет.

80. Директорлар кеңесі Жалғыз акционерге ұсынылатын өзінің қызметі туралы жылдық есептің құрамында өзі тәуелсіз деп санайтын Директорлар кеңесінің әрбір мүшесін көрсетуі керек. Директорлар кеңесі шешімдер қабылдау кезінде Директорлар кеңесінің мүшесі тәуелсіз болды ма, жоқ па соны анықтауы керек; Директорлар кеңесінің мүшесін тәуелсіз деп танудың себептерін көрсетуі керек, бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тәуелсіздік критерийлеріне Директорлар кеңесі мүшесінің сәйккестігін, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшесін тәуелсіз деп тануға әсер ететін қатынастардың немесе жағдайлардың болуын көрсетуі керек, оның ішінде, егер Директорлар кеңесінің мүшесі:

соңғы бес жыл ішінде Қоғамның немесе оның еншілес ұйымының қызметкері болып табыла ма;

Директорлар кеңесі мүшесінің сыйақысын қоспағанда, Қоғамнан қосымша сыйақы алды ма немесе ала ма;

басқа ұйымдарда немесе органдарда осы тәріздес лауазымды атқара отырып, басқа ұйымдарға немесе органдарға осындай қатысу арқылы Директорлар кеңесінің басқа мүшелерімен айтарлықтай байланысы барлығын;

Жалғыз акционерді немесе мемлекеттік басқару органдарын білдіретінін;

қатарынан тоғыз жыл Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болғанын көрсетуі керек.

81. Директорлар кеңесі мүшелерінің саны 3 (үш) адамнан кем болмауы тиіс. Директорлар кеңесінің мүшелері санының кем дегенде үштен бір бөлігі тәуелсіз директорлар болуы тиіс.

82. Мына тұлға Директорлар кеңесінің мүшесі бола алмайды, егер:

1) өтелмеген немесе заңнамалық актілермен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығы болса;

2) белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны еріксіз тарату немесе акцияларын еріксіз сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімде бұрын басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, бірінші басшысы (басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері болса. Аталған талап банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны еріксіз тарату немесе акцияларын еріксіз сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған датадан кейін бес жыл бойы қолданылады.

Директорлар кеңесінің құрамына сайланатын тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге талаптар болса.

83. Директорлар кеңесінің мүшелері үш жылдан аспайтын мерзімге сайланады. Директорлар кеңесінің құрамын сапалы түрде жаңарту қажеттілігі ескеріле отырып, Директорлар кеңесінің құрамына қатарынан 6 жылдан артық мерзімге сайлаудың кез-келген мерзімі ерекше қарауға жатады. Бір тұлға қатарынан 9 жылдан артық Директорлар кеңесіне сайлана алмайды. Ерекше жағдайларда қатарынан 9 жылдан артық Директорлар кеңесіне сайлануға рұқсат етіледі, бірақ бұл ретте бұл тұлғаны Директорлар кеңесіне сайлау жыл сайын өтуі тиіс.

84. Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттік мерзімін Қоғамның Жалғыз акционері белгілейді.

Директорлар кеңесі өкілеттіктерінің мерзімі Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланған күні аяқталады.

85.Қоғамның Жалғыз акционері Директорлар кеңесінің барлық немесе жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтатуға құқылы.

86. Қоғамның Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтату Директорлар кеңесіне жазбаша хабарлама беру негізінде жүзеге асырылады. Директорлар кеңесінің осындай мүшесінің өкілеттігі Директорлар кеңесі аталған жазбаша хабарламаны алған кезден бастап тоқтатылады.

87. Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшесінің өкілеттігі Директорлар кеңесінің өкілеттіктер мерзімі жалпы аяқталуымен бір мезгілде аяқталады.

88. Директорлар кеңесінің төрағасын Жалғыз акционер сайлайды. Жалғыз акционер Директорлар кеңесінің төрағасын кез келген уақытта қайта сайлауға құқылы.

89. Директорлар кеңесінің төрағасы „Акционерлік қоғамдар жөніндегі” Қазақстан Республикасы Заңнамасымен және Жарғысымен белгіленген тәртіппен:

1) Директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады;

2) Директорлар кеңесінің отырыстарын шақырады және жүргізеді;

3) Қоғам атынан Қоғам Президентімен Қоғам Президентінің материалдық көтермеленуі мен жауапкершілігі Қоғам қызметінің нәтижелеріне және Қоғамның Даму жоспарының (орташа бизнес-жоспарының) орындалуына тікелей байланысты болуын қарастыратын еңбек шартын жасасады;

4) Қоғамның атынан ішкі аудит қызметінің басшылары және мүшелерімен еңбек шарттарын жасасады;

5) Жалғыз акционерге Директорлар кеңесінің мүшелерінің және Қоғам Президентінің сыйақысының құрамы мен мөлшері туралы хабардар етеді;

6) Директорлар кеңесінің қызметі туралы Жалғыз акционерге жыл сайын хабарлайды;

7) Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібін бекітеді;

8) Директорлар кеңесі мүшелерінің шүбәсіз және айқын ақпаратты дер кезінде алуын қамтамасыз етеді;

9) Директорлар кеңесінің қызметіне Директорлар кеңесі мүшелерінің тиімді үлес қосуын және Директорлар кеңесі мен Қоғам Президенті арасындағы конструктивтік қатынастарды қамтамасыз етеді;

10) Директорлар кеңесінің жаңа сайланған мүшелеріне лауазымға ену бағдарламасының берілуін қамтамасыз етеді;

11) Жалғыз акционермен басқару мәселелерін келіседі;

12) Жалғыз акционермен тиімді байланысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ Жалғыз акционердің пікірін Директорлар кеңесіне жеткізеді;

13) Жалғыз акционердің сұрақтарына жауаптардың берілуін қамтамасыз етеді;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен көзделген өзге мәселелерді шешеді.

90. Директорлар кеңесінің Төрағасы болмаған жағдайда, оның функциясын Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Директорлар кеңесі мүшелерінің біреуі жүзеге асырады.

91. Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысы оның Төрағасының немесе Қоғам Президентінің талабы бойынша не болмаса:

1) Директорлар кеңесінің кез келген мүшесінің;

2) Ішкі аудит қызметінің;

3) Қоғамның аудитін жүзеге асырушы аудиторлық ұйымның;

4) Жалғыз акционердің талабы бойынша шақырылуы мүмкін.

92. Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысын шақыру туралы талап Директорлар кеңесінің Төрағасына Директорлар кеңесі отырысына ұсынылып отырған күн тәртібі бар тиісті жазбаша хабарламаны жіберу арқылы беріледі.

Директорлар кеңесінің Төрағасы отырысты шақырудан бас тартқан жағдайда, бастамашы Қоғам Президентіне аталған талаппен шығуға құқылы, ал ол Директорлар кеңесінің отырысын шақыруға міндетті.

Директорлар кеңесінің отырысын Директорлар кеңесінің Төрағасы немесе Қоғам Президенті, шақыру туралы талап келіп түскен күннен бастап, он күннен кешіктірмей шақыруы тиіс.

Отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдар Директорлар кеңесінің мүшелеріне отырыс өткізілетін датаға дейін 10 күннен кешіктірілмей жіберілуі тиіс, егер Директорлар кеңесі туралы ережемен өзгедей мерзімдер қарастырылмаса.

Директорлар кеңесінің отырысы аталған талапты қойған тұлғаны міндетті түрде шақыру арқылы өткізіледі.

93. Директорлар кеңесінің мүшелеріне Директорлар кеңесінің отырысын өткізілу туралы хабарлама жіберу тәртібін Директорлар кеңесі белгілейді.

94. Директорлар кеңесінің мүшесі Директорлар кеңесіне оның қатысуы мүмкін еместігі туралы күні бұрын Қоғам Президентін хабарлауға міндетті.

95. Директорлар кеңесінің отырысын өткізу үшін кворум Директорлар кеңесі мүшелері санының жартысынан аз болмауы тиіс.

Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы саны осы тармақпен белгіленген кворумға қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау туралы Қоғамның Жалғыз акционеріне өтініш беруге міндетті.

96. Директорлар кеңесінің әр мүшесі бір дауысқа ие болады. Егер Заңмен өзгеше көзделмесе, Директорлар кеңесінің шешімі отырысқа қатысып отырған Директорлар кеңесі мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады.

Егер дауыс тең болған жағдайда директорлар Кеңесі төрағасының немесе отырысқа қатысушы төрағалық етуші тұлғаның дауысы шешуші болып табылады.

97. Директорлар кеңесі тек Директорлар кеңесінің мүшелері ғана қатыса алатын өзінің жабық отырысын өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Жарғының 73-тармағының 1), 2), 5), 10), 13), 19), 24), 25), 26) тармақшалары бойынша сұрақтар Директорлар кеңесімен тек ашық отырыстарда қаралуы тиіс.

98. Директорлар кеңесінің мүшелері бейнеконференция (интерактивті аудиовизуалды байланыс), байланыс конференциясы («телефон кеңесі» режимінде Директорлар кеңесі мүшелерінің бірмезгілдегі сөйлесулері) арқылы, сондай-ақ байланыстың өзге құралдарын пайдалана отырып, Директорлар кеңесінің отырысына қатыса алады.

Директорлар кеңесінің мүшесі Директорлар кеңесінің отырысына өзінің қатысу мүмкіндігі жоқтығы туралы Директорлар кеңесінің төрағасына немесе Корпоративтік хатшыға алдын ала хабарлауға міндетті. Отырыста болмаған Директорлар кеңесінің мүшесі жазбаша хабарлау арқылы Директорлар кеңесінің отырысы күн тәртібінің мәселелері бойынша дауыс беруге құқы бар.

Бұл ретте күн тәртібі бойынша мұндай жазбаша хабарламада мыналар болуы тиіс:

1) жазылған күні;

2) жазбаша хабарлама жіберу арқылы Директорлар кеңесі мүшесінің пікірі білдірілетін күн тәртібі;

3) күн тәртібінің әрбір сұрағы бойынша анық айқындалған позиция;

4) қойылған қол;

5) Директорлар кеңесі мүшесінің қарауы бойынша күн тәртібіне жататын өзге мәліметтер.

Директорлар кеңесінің мүшесімен ұсынылған күн тәртібі бойынша жазбаша хабарлама кворумды және дауыс беру қорытындыларын есептеу кезінде есепке алынады әрі отырыс хаттамасына тігіледі, онда Директорлар кеңесінің аталған мүшесінің күн тәртібі бойынша жазбаша хабарлама жіберу арқылы дауыс бергені туралы жазба жасалады.

Күн тәртібі бойынша жазбаша хабарлама Директорлар кеңесінің мүшесімен Директорлар кеңесінің төрағасына немесе Корпоративтік хатшыға Директорлар кеңесінің отырысы өткізілгенге дейін ұсынылуы тиіс.

Егер бұрынырақта күн тәртібі бойынша жазбаша хабарлама тапсырған Директорлар кеңесінің мүшесі аралас дауыс беру пайдаланылатын Директорлар кеңесінің отырысына қатысу әрі дауыс беру үшін келсе, оның жазбаша пікірі есепке алынбайды.

99. Директорлар кеңесі төрағасының қарауы бойынша Директорлар кеңесінің шешімдері сырттай дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкін.

Сырттай дауыс беру отырысқа қатысып отырған Директорлар кеңесі мүшелерінің дауыс беруімен бірге (аралас дауыс беру) немесе Директорлар кеңесінің отырысын өткізусіз қолданылуы мүмкін.

Директорлар кеңесі шешімдерді сырттай дауыс беру арқылы қабылдаған кезде Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібін өзгертуге және (немесе) толықтыруға болмайды.

100. Сырттай дауыс беру бюллетені отырыс күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдарды қоса, Директорлар кеңесінің мүшелеріне отырысты өткізу датасына дейін үш күннен кешіктірмей жіберілуі тиіс.

101. Сырттай дауыс беру бюллетенінде:

1) Қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;

2) Директорлар кеңесінің отырысын шақыруға бастамашы туралы мәліметтер;

3) сырттай дауыс беру бюллетеньдерін берудің түпкілікті датасы;

4) Директорлар кеңесінің отырысын өткізу күні, уақыты және орны;

5) Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібі;

6) сайлауға ұсынылған кандидаттардың аты, егерде Директорлар кеңесінің күн тәртібінде Басқарма мүшелерін сайлау жайлы сұрақтың болуы .

7) дауысқа салынатын мәселелердің тұжырымдалуы;

8) “жақтаймын”, “қарсымын”, “қалыс қаламын” сөздерімен білдірілетін Директорлар кеңесі отырысы күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру варианттары;

9) күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру (бюллетеньді толтыру) жөніндегі түсіндірме болуы тиіс.

102. Толтырылған сырттай дауыс беру бюллетенінде Директорлар кеңесі мүшесінің қолы болуы тиіс.

Дауыстарды санаған кезде Директорлар кеңесінің мүшесі бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған мәселелер бойынша және дауыс берудің тек бір ғана мүмкін вариантына белгі қойылған дауыстар есепке алынады.

103. Белгіленген мерзімде алынған бюллетеньдерде кворум болған жағдайда шешім сырттай дауыс беру арқылы қабылданған болып танылады.

Директорлар кеңесінің сырттай отырысының шешімі жазбаша түрде ресімделуге және оған Директорлар кеңесінің төрағасы мен Корпоративтік хатшысының қолы қойылуы тиіс.

Шешім ресімделген күннен бастап 20 (жиырма) күн ішінде Директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберілуі тиіс, оған осы шешімді қабылдауға негіз болған бюллетеньдер қоса тіркеледі.

104. Қоғамның Директорлар кеңесінің тікелей тәртіппен өткізілген отырысында қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, хаттаманы отырыста төрағалық еткен тұлға мен Директорлар кеңесінің хатшысы отырыс өткізілген күннен санағанда үш күн ішінде жасауы және қолдарын қоюы тиіс және онда:

1) Қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;

2) отырыстың өткен күні, уақыты мен орны;

3) отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;

4) отырыстың күн тәртібі;

5) дауыс беруге қойылған мәселелер және олар бойынша дауыс берудің қорытындылары;

6) қабылданған шешімдер;

7) Директорлар кеңесінің шешімі бойынша басқа да мәліметтер болуы тиіс.

105. Директорлар кеңесі отырыстарының хаттамалары және сырттай дауыс беру жолымен қабылданған Директорлар кеңесінің шешімдері Қоғамның мұрағатында сақталады.

Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысы Директорлар Кеңесі мүшесінің талап етуі бойынша оған Директорлар кеңесі отырысының хаттамасын және сырттай дауыс беру жолымен қабылданған шешімдерді танысу үшін беруге және (немесе) Қоғамның уәкілетті қызметкерінің қолымен және Қоғам мөрінің бедерімен расталған хатамадан жасалған үзінді көшірмелер мен шешімдерді беруге міндетті.

106. Директорлар кеңесінің отырысына қатыспаған немесе Қоғамның Директорлар кеңесі Заңмен және Қоғамның Жарғысымен белгіленген тәртіпті бұза отырып, қабылдаған шешімге қарсы дауыс берген Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі оны сот тәртібімен даулауға құқы бар.

107. Жалғыз акционер Заңмен және Қоғамның Жарғысымен белгіленген тәртіпті бұза отырып, Қоғамның Директорлар кеңесі қабылдаған шешімді сот тәртібімен даулауға құқы бар, егер аталған шешіммен Қоғамның және (немесе) Жалғыз акционердің заңды мүдделері мен құқықтары бұзылған болса.

12 –бап

БАСҚАРМА

108. Басқарма Қоғамның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асырушы Қоғамның лауазымды тұлғасы болып табылады, оның құзыретіне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен және Жарғымен Қоғамның басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған Қоғам қызметінің барлық мәселелерін шешу жатады.

109.Басқарма мүшелері саны үш адамнан кем болмауы тиіс.

110.Басқарма мүшелері Жалғыз акционер қоғамының өкілі немесе Қоғам қызметкерлері бола алады.

Басқарма мүшелері Қоғам қызметін Басқарма мәжілісіне тікелей қатысумен іске асырады .

Басқарма мүшелері басқа ұйымдармен жұмыс жасау үшін Директорлар кеңесінің келісімі керек.

Басқарма төрағасы атқарушы ұйымдардаатқаратаын басшы лауазымын жұмыс атқаруға, заңды тұлғаның жеке дара атқарушы басқа органдарда іс атқаруға құқығы жоқ

111. Басқарманың құзырында :

1)Жалғыз акционер және Директорлар кеңесінің шешімін іске асыру

2)Қоғамның өркендеу стратегиясын Директорлар кеңесінде қаралуға енгізеді және қолдап іске асырады.

3) Қоғамның өркендеу жоспарын бекіту үшін Директорлар кеңесіне беріледі және қолдап іске асырады.

4)Өркендеу Жоспарын іске асыру;

5)Қоғамның өркендеу жоспары аясын қоғам бюджетін бекіту үшін

Директорлар кеңесіне беріледі және қолдап іске асырады.

6)Қоғам бюджетін орындап және тарату;

7)Ішкі (қызметтік) ақпаратты сақтау және қорғауды қамтамасыз ету

8)Қоғамды басқарудағы жетістпейтін жүйе маңызды қауіп қатерді Директорлар кеңесі дәр кезінде хабар беру

9)Директор кеңесінде бекітуге қатысты емес құжаттар,қоғам қызметінің жұмысын ұйымдастыру мақсатында қабылданған құжаттарды бекітеді.

10)Қоғам штатық кестесін бекітеді;

11) қоғамның қызығушылығымен іске асатын келісілген мәмілеме нәтижесі, «Акционерлік қоғамы туралы » Қазақстан Республикасының заңнамасына іске асыруда ерекше шартпен бекітілген, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаты қоры» Акционерлік қоғамының тобына кіретін ұйымдар арасындағы мәмілеме тәртібіне сәйкес шешім қабылданған ;

12) Қоғамның директорлар кеңесіне, жалғыз акционеріне еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарды басқару жөнінде, сондай-ақ аталған ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелерінің Қоғам қызметінің көрсеткіштеріне әсері жайында жарты жылдық есептер береді;

13) Қоғамда тәуекелді басқару мен ішкі бақылау процедурасын әзірлеуді және қолдануды қамтамасыз етеді;

14) Қоғамның филиалдар, өкілдіктерінің қызметкерлерінің штатын (жалпы саны), және өкілдіктерінің, филиалдардың басқару құрылымын бекітеді;

15) Қоғамның акциялары бойынша дивидентер мөлшерінің көлемін жылдың 20 наурызына дейін алдында жоспарланғанға болжау;

16)Қоғам меншігіне қатысыты жұмысты ұйымдастыруда табылған себептермен жағдайларды тудырушылық ісәрекеті;

17) Қоғамдағы Директорлар кеңесі және жалғыз акционердің құзырына қатысты емес Қоғам қызметін қамтамасыз ету мәселесінің шешімімен қабылданған;

112.Қоғамдағы тәуекелді басқарудағы туындалған мәселерді шұғыл шешу мақсатында Басқармада тәуекел Комитеті құрылуы мүмкін. Басқарманың іріктеліп жіберілген делегаттары Тәуекел Комитеті қызметінің өкілеттігімен шектелген.Тәуекел комитетінің жұымыс тәртібін құру сонымен қатар Қоғамда ішкі құжаттармен құрам санын бекітіледі.

113.Басқарма мүшелерінің саны жартысынан аз болмағанда ғана Басқарма шешім қабылдауға құқылы. Басқарма кеңесінің шешімі кеңесте қатысқан Басқарма мүшелерінің дауысы жай көпшілік дауыспен қабылданады.

114.Басқарма мүшелері әрбір дауысқа ие. Егер дауыс тең болған жағдайда Басқарма төрағасының дауысы шешуші болып табылады.Басқарма мүшелері сонымен қатар басқа Қоғамның Басқарма мүшелеріне басқа тұлғаға дауыс беру құқығын беруге рұқсат берілмейді.

Басқарма кеңеске қатысқан барлық Басқарма мүшелері, әрбір мәселені дауысқа салады және хаттамаға қол қояды. Басқарма мүшелерінің әрбір сұрағы дауыс беру нәтижесі көрсетіліп сонымен қатар дауыс қорытындысының шешімі хаттамамен рәсімдейді.

13-бап

Қоғам Президенті

115. Қоғамның Президенті Басқарма жетекшілігімен іске асыруды Қоғамның Басқарма төрағасы(әрі қарай-Қоғам Президенті) болады.

«Самұрык-Қазына» ұлттық әл-ауқат жағдайы қоры» акционерлік қоғамының Басқарма шешімімен, Қоғамның Директорлар кеңесінде қаралған мәселенің шешімімен Қоғам Президентінің өкіліттігін мерзімінен бұрын тоқтату және тағайындауды іске асырады.

116. Қоғамның президенті Қоғамның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асырушы Қоғамның лауазымды тұлғасы болып табылады, оның құзыретіне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен және Жарғымен Қоғамның басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған Қоғам қызметінің барлық мәселелерін шешу жатады Қоғам Президенті Жалғыз акционердің және Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.

117. Қоғам Президенті:

1) Жалғыз акционердің және директорлар Кеңесінің шешімін орындауды ұйымдастыру;

2) Қоғам қызметінің басшылық жүзеге асырады;

3) директорлар кеңесіне Қоғамның даму Жоспарын іске асырудың жылдық есебін ұсынады.

4) Қоғамның атынан үшінші тұлғаға қатысты сенімхатсыз әрекет етеді;

5) Қазақстан Республикасы Заңнамасы мен Жарғысына сәйкес Қоғамның атынан келісім жасайды;

6) оның үшінші тұлғалармен, соның ішінде мемлекеттік және сот органдарымен қатынастарында Қоғамға өкілдік ету құқығына сенімхаттар береді;

7) Қоғам қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады, өзгертеді, бұзады, еңбек қатынастары туындайтын, өзгеретін, бұзылатын актілерді қабылдайды;

8) Қоғамның қызметкерлеріне көтермелеушараларын және тәртіптік жаза шараларын қолданады, Қоғамның штаттық кестесіне сәйкес Қоғам қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының мөлшерін белгілейді, Корпаративтік хатшыны және ішкі аудит қызметінің мүшелері юолып табылатын қызметкерлерді қоспағанда, Қоғам қызметкерлерініәң сыйлықақыларының мөлшерін белгілейді;

9) Вице-президенттердің және Қоғамның өзге де қызметкерлері арасында міндеттерін, сондай-ақ өкілеттілік және жауапкершілік аясын бөледі;

10) наразылықтар мен қуынымдарды береді және қол қояды, қуынымдардан бас тартады, қуынымдық талаптарды өзгертеді, бітімгершілік келісімдерге қол қояды

11) Қоғамның банктік шоттарын және басқа да шоттарын ашады;

12) Қоғамның ішкі қызметінің өндірістік мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

13) Қоғам филиалдарының, өкілдіктерінің және тәуелді ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

14) құзырет шегінде бұйрықтыр мен өкімдер шығарады;

15) ұжымдық шарттар жасайды;

16) Қоғам Президенті мен Вице-президенттерінің шетелдік іссапарларын директорлар Кеңесінің төрағасымен, ол болмаған кезде «Қазақстан темір жол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының аппарат Басшыларымен Басқарушы директорымен келісуді қамтамасыз етіледі;

17) Жалғыз акционерге ұсынады:

Жалғыз акционермен белгіленген мерзімде және Жалғыз акционермен бекітілген нысандар бойынша Қоғамның Даму жоспарын іске асыру туралы есепті;

Жалғыз акционермен белгіленген мерзімде және Жалғыз акционермен бекітілген нысандар бойынша Қоғамның, оның еншілес және бірге бақыланатын ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептілікті ұсынады;

18) Қоғамның қызметін ұйымдастыру мақсатында құжаттарды бекітеді;

19) Қоғам атынан Қоғамның тәуелсіз директорларымен шарт жасасады;

20) Қоғамның жұмыс тәртібін анықтайды;

21) өзі болмаған кезде, өзінің міндеттерін атқаруды Вице-президенттерінің біреуіне, немесе Қоғамның өзге де қызметкерлеріне жүктейді;

Қоғамның акциялары бойынша дивидентер мөлшерінің көлемін жылдың 20 наурызына дейін алдында жоспарланғанға болжау;

22) Қоғамға қатысты ағымдығы қызметін,Жалғыз акционердің құзырына қатысты емес, Директорлар кеңесі,сонымен қатар Қоғам басқармасының құзырынаҚазақстан Республикасының заңнамасына анықталған, жарғы және басқа құжаттар Директорлар кеңесіндегі және Жалғыз акционер қоғамының шешімімін Барлық қалған мәселелерге шешім қабылдайды.

118. Қоғам Президентінің шешімі бойынша Қоғамның Вице-президенттеріне оның өкілеттіктерініғң бірі белгіленген тәртіппен берілуі мүмкін.

119. Жарғының осы бабының 118 –тармағына сәйкес Президенттің бұйрығымен өкілеттік берілген Қоғамның Вице-президенті:

1) оның құзырына жататын мәселелер бойынша үшінші тұлғалармен, соның ішінде мемлекеттік және сот органдарымен қарым-қатынаста сенімхатсыз Қоғамның мүддесін білдіруге;

2) қайта сеніп тапсыру құқығымен сенімхаттар беруге құқылы.

14-бап

Қоғамныңың лауазымды тұлғалары

120. Қоғамның лауазымды тұлғалары (Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері және Қоғам Президенті):

1) өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындайды және Қоғам мен Жалғыз акционердің мүдделерін неғұрлым жоғары деңгейде білдіретін тәсілдерді қолданады;

2) Қоғамның мүлкін пайдалануға немесе оның Жарғыға және Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне қайшы, сондай-ақ жеке мақсаттарда пайдаланылуына жол беруге және өздерінің аффилиирленген тұлғаларымен мәміле жасасу кезінде оларға қиянатшылық жасауға тиісті емес;

3) тәуелсіз аудит жүргізуді қоса алғанда, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Қоғамның қызметі туралы ақпараттың жария болуын және берілуін бақылап отырады;

5) Қоғамның қызметі туралы ақпараттың, егер Қоғамның ішкі құжаттарымен өзгеше көзделмесе, соның ішінде Қоғамда жұмыс істеуін тоқтатқан сәттен бастап үш жыл ішінде құпиялығын сақтайды.

121. Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелері:

1) Қазақстан Республикасы Заңмасының талабына сәйкес Жалғыз акционердің Қоғам мүддесінде, Қоғамның Жарғысымен және ішкі құжаттарымен , ақпараттану негізінде еңбек шартымен, айқын әрекет етуге;

2) корпоративтік мәселелер бойынша объективті талқылау енгізу;

122. Қоғамның лауазымдық тұлғалары Қоғам мен Жалғыз акционердің алдында іс-әрекет пен (немесе) әрекетсіз келтірген зияндары не болмаса залалдарына, тек келтірілген шығындармен шектелмей Қазақстан Республикасының белгіленген заңымен жауап береді:

1) ақпарт ұсынған кезінде жаңылысу, немесе жалған ақпарат бергенде;

2) «Акционерлік қоғамдар жөніндегі» Қазақстан Республикасы Заңымен беліленген ақпарат ұсыну тәртібін бұзу;

3) ірі мәміле және (немесе мәміле жасау және шешім қабылдау туралы нәтижесінде олардың адал емес әрекетінен және (немесе) әрекетсіздігінен, сонымен қатар олармен немесе аффилирлендірілген тұлғалармен табыс алу мақсатында жасалған мәмілелер нәтижесінде Қоғамға зиян келтіруге әкеліп соққан жасауға мүдделі.

Жалғыз акционермен «Акционерлік қоғамдар жөніндег» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайда, ірі мәміле және (немесе) мәміле жасау туралы шешім жасау кезінде орындау нәтижесінде Қоғамға зиян келтірілгенболса, мүддесі бар, мәміле жасауды ұсынған лауазымдық тұлғаны, және лауазымдық тұлға адал емес және (немесе) онымен немесе аффилиирленген тұлғалармен (табыс), көруді көздеу мақсатында Қоғам ұйымы отырысында әрекетсіздік жасаған лауазымдық тұлға жауапкершіліктен босатылмайды.

123. Қоғам Жалғыз акционердің шешімі негізінде немесе Жалғыз акционер өз атынан Қоғамға келтірілген зиянды немесе зардапты өтеу туралы, сонымен қатар Қоғамға ірі мәміле, және (немесе) мәміле жасау туралы шешім қабылдау нәтижесінде жасау кезінде Қоғамға зиян пайда болуын келтірген мүдделілік бар лауазымдық тұлғамен және ( немесе) оның қосылма тұлғамен (табыс) қайтару туралы арызбен лауазымдық тұлғаға сотқа шағымдануға құқылы;

Қоғам Жалғыз акционердің шешімі негізінде немесе Жалғыз акционер өз атынан сотқа Қоғамның үшінші тұлғамен мәміле жасау нәтижесінде Қоғамға келтірген Қоғамның лауазымдық тұлғасына және (немесе) үшінші тұлғаға Қоғамға келтірген зиянды өтеу туралы арыз беруге құқылы; егер мәміле жасау жәіне (немесе) осындай мәміле ні жүзеге асыру кезінде Қоғамның осы лауазымдық тұлғасы үшінші тұлғамен келісім жасау негізінде Қазақстан Республикасы заңнамасы, Жарғысы және Қоғамның ішкі құжаттарының талабын бұзу арқылы әрекет етсе. Онда аталған үшінші тұлға және Қоғамға келтірілген зиянды өтеу кезінде Қоғамның лауазымдық тұлғасы Қоғамның ынтымақтастық борышкері болып табылады.

Жалғыз акционер сот органдарына Қоғамның лауазымдық тұлғаларының келтірген зиянын өтеу және лауазымдық тұлғалардың және (немесе) қосылма тұлғаның ірі мәміле, (немесе) мәміле жасау шешімін қабылдау нәтижесінде алған табысын қайтару мәселені енгізу туралы арызбен жүгіну кезінде Қоғамның директорлар кеңесінің Төрағасына жүгінуі тиіс.

Директорлар кеңесінің Төрағасы осы тармақтың үнінші бөлімінде көрсетілген , өтініш келіп түскеннен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей директорлар кеңесі отырысын шақыруға міндетті.

Директорлар кеңесінің шешімі Жалғыз акционердің өтініші бойынша олардың мәліметіне отырыс өткіділгеннен кейін үш күнтізбелік күн ішінде жеткізіледі. Директорлар кеңесінің аталған шешімін алғаннан кейін немесе Жалғыз акционер оны осы тармақпен белгіленген уақытында алмаған жағдайда, егер Жалғыз акционер Қоғамның директорлар кеңесінің Төрағасына осы мәселе бойынша өтініш жасағанын растайтын құжат болса, Жалғыз акционер Қоғам мүддесін қорғаумен өз атынан сотқа арызбен жүгінуге құқылы.

124.Қоғамның лауазымдық тұлғалары мәміле жасауға мүдделі және мәміле жасауды ұсынған лауазымдық тұлғадан басқа, орындау нәтижесінде Қоғамға зиян келтірілсе, келесі жағдайда жауапкершіліктен босатыллады, егер Қоғамға немесе Жалғыз акционерге зиян келтіретін Қоғам ұйымының шешіміне қарсы дауыс берсе, немесе белгілі себептермен дауыс беруге қатыса алмаса;

Лауазымдық тұлға коммерциялық (кәсіпкерлік) шешім нәтижесінде пайда болған зиянды өтеуден босатылдаы, егер Қоғамның лауазымдық тұлға міндеттерін қызмет талаптарына сәйкес осы белгіленген Заңды сақтаумен тиісті түрде әрекет етсе, шешім қабылдау кезінде және Қоғамның мүддесіне қызмет ететін шешім деп есептелгендіктен, көкейтесті ( тиісті) ақпарат негізінде пайда болғаны дәлелденсе.

125.Қоғамның лауазымдық тұлғалары, экономикалық қызмет саласында немесе коммерциялық немесе басқа да ұйымдардың қызметтік мүддесінне қарсы жеке меншікке қарсы қылмыс жасағаны үшін сотпен кінәлі деп танылған болса, сонымен қатар аталған қылмысты жасағаны үшін, негізінде өтелгеннен күннен кейін бес жыл өткенше немесе заңмен қарасырылған тәртіппен алынып тасталса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылмаса ол Қоғамда қызметтік лауазымдық міндеттерін орындай алмайды.

126. Егер Қоғамның қаржылық есебі Қоғамның қаржылық жағдайын бұрмалаған жағдайда, жасау нәтижесінде материалдық зиян келтірілсе, онда Қоғамның осы қаржылық есебіне қол қойған лауазымдық тұлғалар үшінші тұлға алдында жауапты болады.

15-бап

Ішкі аудит қызметі

127. Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды, Қоғамның, ішкі бақылау саласындағы бағалауды, тәуекелдіктерді басқаруды, корпоративтік басқару саласындағы құжаттарды орындауды және Қоғамның қызметін жетілдіру мақсатында консультация беруді жүзеге асыру үшін Ішкі аудит қызметі құрылады. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Директорлар кеңесінің құрамына сайлана алмайды.

128. Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесі белгілеген тәртіппен:

1) Директорлар кеңесіне Қоғамның қызметі туралы тәуелсіз объективті ақпарат береді;

2) бағалау жүргізеді, консультация береді және жүйелендірілген әрі бірізділік тәсілдеме қолданып, тәуекелдіктерді басқару, ішкі бақылау мен корпоративтік басқару процестерін жетілдіруге септігін тигізеді;

3) Ішкі аудит қызметі туралы Ережеге сәйкес оның құзырына кіретін өзге функцияларды жүзеге асырады.

129. Ішкі аудит қызметі тікелей Директорлар кеңесіне бағынады және оның алдында өзінің жұмысы туралы есеп береді. Ішкі аудит қызметіне жетекшілік етуді Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жүзеге асырады. Ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары, оның құқықтары мен жауапкершілігі, сондай-ақ оның жұмыс тәртібі Директорлар кеңесі бекітетін Қоғамның Ішкі аудит қызметі туралы ережемен белгіленеді.

130. Қоғам мен Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен және Директорлар кеңесінің шешімі негізінде Қоғам Президентімен және Ішкі аудит қызметі қызметкерлері арасында жасалатын еңбек шартымен реттеледі.

16-бап

Корпоративтік хатшы

131. Корпоративтік хатшы - Директорлар кеңесінің мүшесі немесе Қоғам Президенті болып табылмайтын Қоғам қызметкері, Директорлар кеңесімен тағайындалады және Директорлар кеңесіне есеп береді.

132. Корпоративтік хатшының құзыреті мен қызметі белгіленген тәртіппен Директорлар кеңесімен бекітілетін Корпоративтік хатшы туралы ережемен және Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленеді.

133. Қоғам мен Корпоративтік хатшы арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен және Қоғам Президенті мен Корпоративтік хатшы арасында жасалатын еңбек шартымен реттеледі.

17-бап

Қаржылық есеп беру, есепке алу құжаттамасы және аудит

134. Күнтізбелік жыл (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін) Қоғамның қаржылық жылы болып табылады.

135. Қоғамның бухгалтерлік есепке алуын жүргізу және қаржылық есеп беруін жасау тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

136. Қоғам Президенті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет жөніндегі заңдарына сәйкес жасалған өткен жылғы жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын талқылау және бекіту үшін Қоғамның Жалғыз акционеріне табыс етеді. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі Жалғыз акционердің бекіту датасынан кем дегенде 30 (отыз) күн бұрын Қоғамның Директорлар кеңесінің алдын-ала бекітуіне жатады.

Қаржылық есептіліктен басқа Қоғам Президенті Жалғыз акционерге аудитордың ұсыныстарын қоса (Қоғамның басшысына хат), аудиторлық есеп береді.

137. Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаржылық жылдың нәтижелері бойынша жыл сайын аудит жүргізеді.

138. Қоғамның аудиті Директорлар кеңесінің, Қоғам Президентінің бастамасы бойынша Қоғамның есебінен немесе Жалғыз акционердің талабы бойынша оның есебінен жүргізіледі, бұл ретте Жалғыз акционер аудиторлық ұйымды өздігінен белгілеуге құқылы. Аудит Жалғыз акционердің талабы бойынша жүргізілген жағдайда, Қоғам аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) беруге міндетті.

139. Егер Қоғам Президенті Қоғамның аудитін өткізуден жалтаратын болса, аудит кез келген мүдделі тұлғаның талабы бойынша соттың шешімімен тағайындалуы мүмкін.

140. Қоғам жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында Республикалық Ұлттық Банкімен белгіленген тәртіп және уақытпен Қоғамның шоғырландырылған жылдық қаржылық есебін жариялауға міндетті.

141. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігінің шүбәсіздігін, сондай-ақ істердің ағымдық жай-күйін тексеру және растау үшін Қоғам жыл сайын қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық жылдың қорытындылары бойынша кем дегенде 90 күннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жалғыз акционердің шешімдерімен белгіленген тәртіппен жыл сайын аудит жүргізуге міндетті.

18-бап

Қоғамның ақпаратты ашуы қоғам құжаттары

142. Қоғам өз қызметі туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен Интернет желісінде Қоғамның WEB-сайтында (www.Lokomotiv.kz) және (немесе) мерзімдік баспада жариялайды.

Қоғам тиісті фактілер туындаған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Жалғыз акционердің мүддесін қозғайтын Қоғамның іс-әрекеті туралы ақпаратты Жалғыз акционердің назарына жеткізуге міндетті.

Жалғыз акционердің мүддесін қозғайтын ақпарат болып:

1) Қоғамның Жалғыз акционері мен Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат;

2) Қоғамның акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды шығаруы және уәкілетті органның Қоғамның бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерін бекітуі, Қоғамның бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы есептерін бекітуі, уәкілетті органның Қоғамның бағалы қағаздарын жоюы;

3) Қоғамның ірі мәмілелер және Қоғамның оны жасауға өзі мүдделі мәмілелер жасасуы;

4) Қоғамның меншікті капиталы көлемінің жиырма бес және одан да астам пайызын құрайтын көлемде Қоғамның қарыз алуы;

5) Қоғамның қандай да бір қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуы, Қоғамның бұрын қандай да бір қызмет түрлерін жүзеге асыруға алған лицензияларының іс-әрекетін тоқтата тұруы немесе мүлде тоқтатуы;

6) Қоғамның заңды тұлғаны құруға қатысуы;

7) Қоғамның мүлкін пайдалануға тыйым салынуы;

8) нәтижесінде теңгерім құны Қоғам активтерінің жалпы көлемінің он немесе одан да астам пайызын құрайтын Қоғамның мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың тууы;

9) Қоғамды және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту;

10) корпоративтік дау бойынша сотта іс қозғау;

11) Қоғамды еркінен тыс қайта ұйымдастыру туралы шешім;

12) Қоғамның Жарғысына сәйкес Жалғыз акционердің мүддесін қамтитын;

13) Қоғамның Жарғысына сәйкес жалғыз акционерге, сонымен бірге Қоғамның акция шығару проспектісін қамтитын өзге ақпарат танылады.

143. Жарғының осы бабының 142-тармағында көрсетілген Қоғамның іс-әрекеті туралы ақпарат беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Корпоративтік дау бойынша сотта іс қозғау туралы ақпарат корпоративтік дау бойынша Қоғам азаматтық іс жөніндегі соттың тиісті хабарламасын (шақыруын) алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Жалғыз акционерге табыс етілуі тиіс.

144. Қоғамның оның қызметіне қатысты құжаттарын Қоғам Басқарманың орналасқан жері бойынша оның бүкіл қызмет ету мерзімі бойына сақтауы тиіс.

145. Сақтауға мынадай құжаттар жатады:

1) Қоғамның Жарғысы, Жарғыға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар;

2)жалғыз құрылтайшының шешіміне өзгеріс және қосымша өзгерістер енгізілген;

3)Қоғамның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлік;

4) Қоғамның белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиялары;

5) Қоғамның өзінің балансында тұрған (бұрын тұрған) мүлікке деген құқығын растайтын құжаттар;

6) Қоғамның бағалы қағаздарын шығару проспектілері;

7) Қоғамның бағалы қағаздарды шығаруының мемлекеттік тіркелуін, бағалы қағаздардың жойылуын, сондай-ақ Қоғамның уәкілетті органға берілген бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердің бекітілуін растайтын құжаттар;

8) Қоғамның филиалдары және өкілдіктері туралы ережелер;

9) қоса берілген материалдарымен бірге Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімдері;

10) Директорлар кеңесі отырыстарының хаттамалары (сырттай өткізілген отырыстардың шешімдері), Директорлар кеңесінің күн тәртібіне қойылған мәселелер жөніндегі материалдары;

11)Басқарма отырысының хаттамалары (шешімі)

12) корпоративтік басқару кодексі.

146. Өзге құжаттар, соның ішінде Қоғамның қаржылық есебі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзім бойы сақталады.

147. Оған Жарғының осы бабында көрсетілген ақпарат пен құжаттарды беру туралы Жалғыз акционердің сұратуы бойынша Қоғам тиісті сұратуды алған күнінен бастап отыз күннің ішінде, егер сұратуда өзге мерзім көрсетілмеген болса, оларды Қоғамның ішкі басшылық құжаттарымен белгіленген тәртіппен және Қоғамның коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге құпиясын қамтамасыз ету жөніндегі шектеулерін ескере отырып, өтінім берушіге ұсынуы міндетті.

Қоғамның бағалы қағаздарын шығарудың, орналастырудың, айналымға шығарудың және конвертациялаудың жекелеген мәселелерін регламенттейтін, қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпиядан тұратын құжаттар Жалғыз акционерге танысуға оның талап етуі бойынша ұсынылуы тиіс.

148. Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғаларын есепке алуды осы тұлғалардың берген мәліметтерінің негізінде жүргізеді.

Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғаларының тізімін құнды қағаздардың рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға ол белгілеген тәртіппен береді.

149. Жалғыз акционер және Қоғамның лауазымдық тұлғалары өздерінің аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты Жарғы бекітілген күннен бастап 15 күннің ішінде, сондай-ақ аффилиирленгендік пайда болуы бойынша ол пайда болған күннен бастап 7 күннің ішінде ақпаратты Қоғам Президентіне береді.

Бұрынырақта Жалғыз акционермен немесе Қоғамның лауазымдық тұлғасымен аффилиирленген ретінде көрсетілген тұлға ондай болудан қалған жағдайда, Жалғыз акционер немесе Қоғамның лауазымдық тұлғасы бұл жөнінде Қоғам Президентін 5 күндік мерзімде хабардар етеді.

Аффилиирленген тұлғалар жөніндегі ақпарат Қоғам Президентіне құнды қағаздардың рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның бекіткен нысанына сәйкес беріледі.

19-бап

Қоғамды қайта ұйымдастыру

150. Қоғамды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

151. Егер қайта ұйымдастырылған жағдайда, Қоғам өз қызметін тоқтататын болса, оның акцияларын шығару Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.

20-бап

Қоғамды тарату

152. Қоғамды еркімен тарату туралы шешімді Қоғамның Жалғыз акционері қабылдайды, ол кредиторлардың келісімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың бақылауымен тарату рәсімін белгілейді.

153. Қоғамды еркінен тыс таратуды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда сот жүзеге асырады.

Қоғамды тарату туралы талап, егер өзгедей Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралмаған болса, сотқа мүдделі тұлғалармен берілуі мүмкін.

154. Соттың немесе Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімімен Қоғамды тарату туралы тарату комиссиясы тағайындалады.

Тарату комиссиясы Қоғамды тарату кезінде оны басқару және тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген қызметтерді жасау жөніндегі өкілеттіктерге ие болады.

Өз еркімен тарату кезінде тарату комиссиясының құрамына Қоғам кредиторларының өкілдері, Жалғыз акционердің өкілдері, сондай-ақ Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес өзге де тұлғалар енгізілуі тиіс.

155. Қоғамды тарату рәсімі және оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

156. Қоғамды тарату кезінде оның жарияланған, соның ішінде орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.

21-бап

Жарғының күшіне енуі

157. Осы Жарғы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен оны мемлекеттік тіркеген күннен бастап күшіне енеді.

22 -бап

Қорытынды ережелер

158. Жарғы баптарының тақырыптары оның түсіндірмесіне ықпал етуге тиісті емес.

159. Егер Жарғы ережелерінің біреуі жарамсыз болып шықса, онда ол қалған ережелердің жарамдылығына ықпалын тигізбейді.

Жарамсыз ереже құқықтық тұрғыдан рұқсат етілген, мағынасы жағынан жақын ережемен алмастырылады.

«Локомотив»

акционерлік қоғамының

Президенті         

Полезные советы
 Компания туралы
 «Локомотив» АҚ-филиалдары
 Тариф саясаты
 Медиа-орталық
 Сатып алулар
 Кадрлық саясат
 Құқықтық ақпарат
 Қаржылық есеп
 ҚР теміржолшылар кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің "Локомотив" филиалы
 Пайдалы ақылдар
 Пайдалы сілтемелер
 Сауалдамалар
 Форум
 Ішкі сайтқа кіру

Новости

Опрос