МАРАТ ЖОЛДЫҰЛЫ МЕДЕУБАЕВ – Президент
Марат Жолдыұлы Алматы Теміржол көлігі инженерлерінің институтын «Тепловоздар мен тепловоздық шаруашылық» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек қызметін Ақтөбе локомотив депосының профилактика цехы бастығының орынбасары болып бастаған.
1985-2000 жылдары Ақтобе локомотив депосының шебері, Ақтөбе локомотив депосының жөндеу жөніндегі бастығының орынбасары, Ақтөбе локомотив депосының бастығы болып қызмет еткен.
2000-2004 жылдары Локомотив шаруашылығының бас басқармасының бас инженері, Локомотив шаруашылығының Тасымалдауды басқару департаменті басқармасының бастығы, Локомотив шаруашылығы департаментінің бастығы, «Қазақстан темір жолы» РМК директорының бірінші орынбасары –«Локомотив» МКД бас инженері болып қызмет еткен.
2004-2010 жылдары «Дженирал Электрик Интернешнл Операйшиз Компани» өкілеттігінің бизнесті дамыту жөніндегі менеджері, «Локомотив» АҚ Президенті, Жылжымалы құрам департаментінің директоры, «ҚТЖ»ҰК» АҚ жылжымалы құрам жөніндегі басқарушы директоры болып қызмет еткен.


